Адамгершіліктің өнегелі өлшемі

Шымкент қаласы N69 жалпы орта мектебінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 25жыл толуы және 1-наурыз «Алғыс айту» күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында 1-11 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақ мақсаты — Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылу тарихы және » Алғыс айту» күнінің 2016 жылғы 14 қаңтарда Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың қол қойған N173 Жарлығына сәйкес аталып келе жатқандығын жас ұрпаққа ұғындыру. Алғыс айту күні-бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Барша Қазақстандықтарға алғысымыз шексіз!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444