Тыныштық күзетшісі

Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жылдығы аясында

Шымкент қаласының тұрғыны, ішкі істер саласының құрметті ардагері, көптеген жылдар бойы қаланың құқық қорғау саласында еңбек атқарған, өзбек диаспорасының өкілі Юлдаш Әлімұлы туралы айтқымыз келіп отыр. 1940 жылы туылып, мектеп бітірген соң, орта-техникалық және орта-заңгерлік білім алған ол ІІМ органдарында кіші лейтенанттан капитанға дейін 29 жыл жұмыс істеді. 1964 жылдан бастап Шымкент қаласында 6566 әскери бөлімінде, содан кейін 1965 жылы Ақтау қаласына жіберілді, 1974 жылы Шымкент қаласында 167/2 Ич мекемесіне ауыстырылды, 1989 жылға дейін зейнеткерлікке шықты. Адал қызметінің арқасында еңбек қызметін 1998 жылға дейін жалғастырды.

Көптеген грамоталары, марапаттары, 15 медалі, ҚР 5 медалі бар. 2019 ж. тамыз айында ҚР Ішкі істер министрі ҚР «Құрметті ардагері» медалімен марапатталды. Белсенді өмір салтын ұстанатын Юлдаш Әлімұлы ІІМ органдарында жұмыс істейтін жастармен тәжірибе алмасуға жиі қатысады. 1998 жылдан 2015 жылға дейін ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. 2000 жылдан бастап Шымкент қаласының Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шараларға белсене араласады. Ол сонымен қатар Шымкент қаласы Еңбекші ауданының ақсақалдар кеңесін басқарады, тексеру комиссиясының төрағасы болып табылады. Жұлдыз округіндегі ақсақалдар алқасының ауыл биі, медиатор. Қазіргі уақытта немере-шөбелерімен бірге Шымкент қаласында тұрады.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444