ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА БЕТ ТҮЗЕУ ЕЛ РУХЫНЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫНА АЙНАЛУЫ ТИІС

Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай көпэтносты Қазақстанның болашағы, қазіргі саяси ахуалы, әлем сахнасындағы орны, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі тақырыпқа арқау етілген. Автор елімізде тұрып жатқан ұлттарды бірлікке үндейді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлтаралық татулықты сақтауды, одан әрі нығайтып жетілдіруді мақсат етіп қойды. Біз Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясындағы қабылданған актіні қолдай отырып, әрбір азамат пен жастар арасында патриоттық тәрбиені қалыптастырып нығайтуымыз қажет. Болашақ біздің және жастардың қолында. Сондықтан әрбір тұлға ішкі саяси тұрақтылық пен татулықты басты ұран етіп, еліміздің болашағы үшін нақты істердің жүзеге асуына өз үлестерін қосуы тиіс.

Тәуелсіздік пен саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім көпэтносты еліміздің нақты жоғары өмірлік құндылығына айналып отыр. Мақаладағы Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осында. Елбасы Н.Назарбаев: «Бізде қазірдің өзінде екі негіз бар, оларды дамыта отырып, біз өзіміздің Болашағы Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайта беретін боламыз. Біріншіден, ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Оның миссиясы – бізді этносаралық бейбітшілік пен келісімнің мызғымастығына бастайтын жол. Ғылым жердегі әрбір этнос кем дегенде бір айрықша сапаға ие дегенді айтады. Біздің өміріміз қазақстандық 100 этностың 100-ден кем емес, айрықша және қайталанбас ерекшеліктері бар екенін көрсетіп отыр. Олардың бәрі жиналып келгенде біздің Біртұтас Ұлтымызға тамаша артықшылықтар береді. Көпэтностық – біздің ортақ ұлы қазынамыз! Міне, Қазақстан халқы Ассамблеясы осы байлықтың басты сақтаушысы миссиясын табысты атқарып келеді. Ассамблея – біздің қазақстандық біртектіліктің негізі де осы. Екіншіден, біз Мәңгілік Ел  жалпыұлттық идеясына ие болдық. «ЕЛ» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын және өзіне тартушы құндылық болған және болып қала береді», деп нақтылай түсті.

Бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздік мәселерінің шешілуі саяси сипаттағы шиеленістермен соқтығысуына алып келеді. Қандай да мемлекеттердің тарихына көз жүгіртетін болсақ, ұлт мәселесіне байланысты шиеленістер мен соғыстардың орын алғандығын кездестіреміз.

Мемлекет ішкі қатынасында қауіп-қатерлермен күресіп, алдын-алуда жаһандық мемлекетаралық интеграцияға сүйенеді. Себебі жалғыз мемлекет орын алған қауіп-қатерлерге төтеп беруі мүмкін емес. Бір мемлекеттің қауіп-қатерлерге бой ұруы көрші мемлекеттерді де әлсірететіні белгілі. Өйткені бұл – жаһандық жүйенің заңдылығы.

Мемлекеттер халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде мынадай қағидаларды басшылыққа алады:

  • ядролық соғысты болдырмау; жаппай қаруланудытоқтату, қарусыздандыру; мемлекетаралық, аймақтық және ұлтаралық қарулы қақтығыстарды бейбіт жорлмен шешу; күш қолданып, қоқан лоқы көрсетуді, әскери текетірестікті болдырмау; халықтардың өзара қатынастарындағы сенімділігі негізінде зорлықсыз саясат жүргізу;
  • барлық талаптардың мүдделері балансы негізінде жанжалдарды және халықаралық тұрақсыздықты болдырмау үшін, қауіпсіздіктің ғаламдық және аймақтық құрылымдарын жасау;
  • мемлекеттер арасындағы қатынастарда әлеуметтік-саяси таңдаудың еркіндігін, егемендік пен тәуелсіздікті әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастық пен әріптестікті дамытуға кепілдік беретін праволық негіз жасау;
  • табиғи ортада экологиялық апатты болдырмау жөніндегі бірлескен белсенді іс-қимылдарға бару;
  • әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі етек алған ашаршылықты, кедейлікті, жаппай індеттерді, ауыр науқастарды, нашақорлықты, халықаралық терроризмді, экономикалық дағдарысты бірігіп жеңу;
  • дүниежүзілік шаруашылық байланыстарды интенсивті түрде кейейту, ғылыми-техникалық және экономикалық айырбастар үшін тосқауылдарды жою;
  • адамзаттың болашағы үшін тарихи жауапкершілік тұрғысынан қимыл жасайтын аймақтық және ғаламдық көлемдегі барлық халықаралық ұйымдармен өзара ынтымақтастықта болу.

Елбасы Н.Назарбаев «Біздің көпұлтты болуымыз – біздің мақтанышымыз» деген сөзі еске түседі. Еліміз тәуелсіздік алған бастап, ұлттар арасындағы қатынастарды бірінші орынға қойды. Қай ұлттардың да азаматтарын саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы – Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Шынын айтсақ, өкілетті және атқару билік органдарында тек ірі этностардың өкілдері ғана өздерін көрсетуге үлкен мүмкіндіктерге ие болды.

1995 жылдан бастап тұрақты жұмыс атқарып келе жатқан Қазақстан Халқы Ассамблеясының мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, мемлекеттік билік аппараттарында мандаттарға ие болып тұрғаны, көпұлтты елімізідің тыныштығы мен бейбітшіл қатынастарының одан әрі жалғастыру болып табылады. Елбасымыздың ұлттар арасындағы татулықты нығайту жолында өзі басшылық жасап отырған бұл орган, келешектегі ұлттар мен діндер арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығаятындығының кпілі екендігін түсінеміз.

Қазақстандағы орын алатын қауіп-қатерлердің алдын алу шараларындағы елді басқарушы тұлғалар мен мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының жемісі деп түсіну қажет. Мемлекет қауіп-қатерлердің қай салада көрініс беретінін меңгере отырып, сол саладағы іс-әрекеттерді тиімді жолдармен шешім қабылдап реттеуді басшылыққа алады.

Сондықтан мемлекеттегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуды алға қойды. Еліміздің тұрақтылығы ұлтаралық татулықта және одан әрі нығайту әрбір қазақстандық азаматтың парызы деп есептеймін. Болашақ ұлт – Мәңгілік ел идеясымен ұштасып жатыр. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатының тұрақтылығы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі деп білемін.

Төрегелдиева Эльвира Мәлікқызы — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444