ТҮРКІСТАН: ЖАС ТҮЛЕКТЕР ҮЛКЕН ӨМІРДІҢ ЕСІГІН АДАЛ БІЛІММЕН АШУЫ ТИІС

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру — елдің әлеуетін арттырып, бәсекелестік қабілетін дамытуға негіз болады.

Осы бағытта ілкімді іске көшкен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан-Адалдық алаңы» Жобалық кеңсе менеджері Е.Тұңғышбаев Кентау қаласы, Байылдыр ауылындағы ата-аналар мен мектеп оқушыларымен кездесті.

Насихаттық бағытта өрбіген басқосудың негізгі мақсаты — мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған жас өскіндердің бойына адалдық қасиетін дарыту және оларды пайым парасаты биік ел азаматтары болуға тәрбиелеу.

Туралық пен тазалық, отансүйгіштік пен адалдық кең көлемде сөз болған жиында Ерұлан Икрамұлы сөз алып, ел ертеңінің тірегі болған жас буынның қауіпті кесел жемқорлықтан алшақ болуы қажет екендігін жіті түсіндірді. Алда келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеудің маңыздылығын алға тартып, жиынға жиналған жас түлектерді аталмыш емтиханнан адал жолмен өтуге шақырды.

Сондай-ақ, таза еңбек қана жетістік шыңына жетелейтінін тілге тиек етіп, ар тазалығынан аттауға болмайтындығын жеткізді.

Шара соңында жас талапкерлер назарына «Адалдық.Парасаттылық.Әділдік.Сенім» тақырыбында арнайы түсірілген бейнеролик ұсынылып, түлектер тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444