ҚХА жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері жастармен кездесті

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында Шымкент қаласы ҚХА жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері жоғары оқу орнындағы оқытушы-профессорлық құраммен, студенттермен және Достық клубының мүшелерімен кездесті.

Оқу орнындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйытқы болған кездесуге Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары М.Қалмұратов, қалалық грек этномәдени бірлестігінің төрайымы О.Параскевопуло және «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов қатысып, қоғамдық келісімге негізделген сындарлы мемлекеттік бағыттың мазмұнын түсіндірді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры С.Мәжінбеков жиынды ашу сәтінде оқу орнында түрлі этнос өкілдерінің білім алып жатқанын жеткізіп, университет базасында «ҚХА» арнайы кафедрасы жұмыс істейтінін айтты.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат туралы білімін арттырған оқытушылар мен студенттер ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне сауалдар қойып, өзара пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444