Лилиананың хош иісті эко-сабындары
Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл. Осы тақырыппен Шымкент қаласы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғимаратында өткен қолөнершілер көрмесінде этнос өкілдері өздерінің төл туындыларын жұртқа таныстырды. Солардың бірі татар ұлтының өкілі Байдаулетова Лилиана. Онымен әңгімелесудің сәті түсті.
Байдаулетова Лилиана — косметика ручной работы
Лилиана қолдан косметикалық эко бұйымдар, дене мен бет тазалығы үшін қолданатын иіс сабын, скрабтарды жасайды. Лилиананың өзі қандай сұлу болса, оның қолынан шыққан сабындары да бірінен бірі өткен көз тартарлық әдемі. Сұлу бойжеткен өзінің қол өнері арқылы адамдарға қуаныш сыйлағанды ұнатады.
- Мен сабын жасаумен бір жарым жылдан астам уақыт айналысып келемін. Мұның бәрі қалай басталды? Бірде ASMR soap сабынын қалай кесіп жатқаны туралы видео көрдім. Бұл видеоны мен ұзақ уақыт қарап жүрдім, өйткені маған қызық көрінді, әрі шаршағаным басылып, босаңсытты. Бір күні сабынды қалай жасау туралы видео-сабаққа тап болдым. Мен мұны көрем деп шештім және осыдан бастап менің сабын жасауға дегене махаббатым басталды. Жарты жылдан астам уақыт ішінде мен сабынның қалай жасалынғанын көрдім, бірақ жасап көруге батылым жетпеді.
Сосын 2018 жылдың 26 қарашасында мен қолымдағы барлық стипендияымды сабын өнімдерін сатып алуға жұмсадым. Құрбымнан микротолқынды пеш алып, сабын дайындауды бастадым. Сосын инстаграмда арнайы парақша аштым, осында сабындарымды жарнаамаладым. Достарым тапсырыс бере бастады, сол кезде бұл адамдарға керек екенін түсіндім. Иә, адамдар қолдан жасалған әдемі, хош иісті, табиғи сабынды бағалайды. Осылай мен өз брендімді жасадым. Қазіргі уақытта менің линиямда 10-дан астам сабын түрлері, сабын дизайнының 150-ден астам түрлері бар. Көбінде сувенирлер жиынтығын жасаймын. Әрі қарай косметолог куәлігін алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмысымды жалғастыра дамытқым келеді. Адамдарға жақсы эмоция, қуаныш сыйлағанды жақсы көремін.
***
Мыловарением я занимаюсь уже более полтора года. Все началось с того, что я долгое время смотрела видео, как режут мыло — ASMR soap. Тогда это было модно и меня это расслабляло. Потом однажды попалось видео, как создать мыло, я решила посмотреть. С этих видео и началась моя любовь. Больше полу года я просто смотрела, как мыло делается, но не решалась попробовать.
И вот 26 ноября 2018 года я потратила всю свою степендию, чтобы купить товары для мыловарения. Одолжила у подруги микроволновку и начала создавать. Делала все ловко, будто всю жизнь этим занималась. Создала страницу в Instagram, пошли заказы от друзей, и я поняла, что это нужно людям. Красивое, ароматное, натуральное мыло ценят. Создала свой бренд. В настоящее время в моей линейке более 10 наименований продукции, более 150 видов дизайна мыла. Сувенирное коллекционное мыло в приоритете. В планах у меня получить сертификат косметолога, открыть ИП и продолжать дарить эмоции людям.