Қуыршақ жасау – әжелерімізден жалғасып келе жатқан қол өнері
Қазақстан Халықтары Ассамблеясына 25 жылдығына арнап өткізілген қолөнершілер көрмесінің қатысушысы, славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Наталья ТОРШЕНКО, славян қуыршақтарын жасау шебері.
Славян халықтары бағзы заманнан қолөнеріне біртабан жақын болды. Олардың арасында темірден, ағаштан түйін түйген атақты ұсталар өмір сүрген. Қол өнері – сан-салалы, алуан түрлі бұйымдардан жасалады. Солардың ішінде матадан қуыршақ жасау өнері славяндар арасында арғы әжелерінен, анадан қызына, немересіне жалғасып, қолдан қолға өтіп келе жатқан дәстүрлі, әрі сүйікті іс.
Бүгінгі кейіпкеріміз Наталья Торшенко текстиль бұйымдарынан шүберек қуыршақ жасайды. Матадан қуыршақ жасау славяндар дәстүрінде ежелден бар екенін айттық. Біржағы – мұндай ойыншықтарды тұмар қуыршақтары (славянские куклы-обереги) деп те атайды. Көзге өте әдемі, тартымды көрінеді. Бұрындары әр славян үйінде дәл осындай қуыршақтар ілулі тұратын. Бұл тұмар қуыршақты олар отбасын бәле-жаладан қорғаушы атрибут ретінде қараған. — Матадан жасалған қуыршақтар балалар денсаулығына ешбір зақым келтірмейді, экологиялық таза. Кішкентай екі-үш, бес жастан бастап қыз балалар аса қызығушылықпен, рахаттанып ойнайды десе болады. Бұл славян халқының ұлттық қуыршағы болып есептеледі. Қуыршақтар мерекелерде, маңызды оқиғаларда және басқа ерекше себептермен жасалады, — дейді Наталья. Наталья қуыршақтарды аса ыждағаттылықпен тігеді. Ол бұл өнерінен шабыт алады, әрі оған өз өнері қуаныш сыйлайды.