ТҮРКІСТАН: АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ТОП ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штаб мүшелерінің кезекті кездесуі Түркістан облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департамент қызметкерлерімен өтті.

Әлеуметтік сала мамандарымен өткен шараның негізгі мақсаты – сындарлы диалогтық алаң құру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және тұрмыстық жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Адалдық принципі кеңінен насихатталған келелі кездесуге облыстық үгіт-насихат штабының мүшелері Айдос Абпазов пен Ерұлан Тұңғышбаев қатысты.

Ағартушылық жиында сөз алған А.Абпазов адал адамға сенім де мол болатынын меңзеп, парасатты қоғам құрудың маңыздылығын айқындап, жиынға қатысушыларды ел игілігі жолында  адал қызмет етуге үндеді.

Сондай-ақ, қоғам індетінің  мемлекет экономикасына  тигізер зардабы мен залалын жан-жақты түсіндіріп, киелі өңірді сыбайластықтан азат кіршіксіз мекенге айналдыруға шақырды.

Өз кезегінде Ерұлан Икрамұлы ар үстінен аттаған парақорлықтың ауыр қылмыс екендігін атап өтіп, пара алған және пара берген азаматтардың теңдей жауапкершілікке тартылатынын тілге тиек етті.

Үгіт-насихаттық жиын соңында басқарма қызметкерлері көптен бері көкейде жүрген сұрақтарын жолдап, бірқатар сауалдарына нақты жауап алды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444