ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТТІК РЕЗЕРВКЕ ӨТКЕН ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің басшысы болып Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі тағайындалды. Самат Рамазанов «Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің басшысы қызметінде жұмысын бастады.

Рамазанов Самат Маратұлы 1985 жылы Қостанай облысында туған. Заңгер (құқықтану бакалавры, «Болашақ» университеті), Халықаралық менеджмент (Іскерлік әкімшілік магистрі, МВА, Geneva Business School) мамандығы бар.

2002-2016 жылдары түрлі мемлекеттік қызметте болды. 2016 жылдың маусым айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін квазимемлекеттік секторда әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2019 жылғы наурыздан бастап «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамында еңбек етті (соңғы атқарған лауазымы – әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Айта кету керек, Президенттік жастар кадрлық резерві туралы Елбасының бастамасын жүзеге асыру үшін облыс әкімдігінің басшылығы жүйелі жұмыс жүргізуде: аймақтың даму қарқынын одан әрі жоғарылату үшін ең білікті резервистер басшылық лауазымдарға тағайындалуда. Түркістан облысы кадрлық резерв бойынша 10 лауазымдық қызметкерді қабылдауға дайын.

Қазақстанда алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. Осы орайда, Түркістан облысы әкімдігі басшылығы жүйелі жұмыс жүргізіп, аймақтың даму қарқынын одан әрі жоғарылату үшін ең білікті резервистер басшылық лауазымдарға тағайындалуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444