ДІН ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Сенімгерлік және серіктестік қатынасты орнату мақсатында бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен өңіріміздің дін өкілдері мемлекеттік қызметшілердің жұмысымен танысты.
Келушілерге Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттар ұсынылды, яғни мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы заңға түсіндірмелер берілді.
Сондай-ақ, шара аясында руханият өкілдері мамандардан құқықтық кеңестер алып, қызметшілерге өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, заң аясында жауаптарын алды.
Таныстыру шарасы шеңберінде келушілер үшін Департаменттің ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды.
Дін өкілдері үшін ұйымдастырылып жатқан бастамаға имамдар өз алғыстарын білдіріп, халықпен кері байланыс орнатуға, азматтардың билік өкілдеріне деген сенімін арттыруға септігін тигізеді деген пікірлерін айтты.
Айта кетсек, мұндай іс-шаралар азаматтар үшін алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.