ҚР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДА АЙТЫЛҒАН ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ МӘСЕЛЕСІ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҚСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықққа арнаған жолдауында осылай деген еді.
Осыған орай Шымкентте де азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдау бойынша нақты шаралар атқарылуда.

Мәселен, өткен жылы қала әкімі халықпен кері байланысты күшейтуі үшін 32 рет жеке қабылдау өткізіп, 354 азаматтың арыз-шағымына жауаптар берген.
Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген 338 мәселесіне түсіндірме берілген. Сондай-ақ, 16 шағым қанағаттандырылған.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Ашық әкімдік» құрылды. Осы жоба аясында әрі халықпен тығыз байланыс орнату мақсатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары 1 111 азаматты қабылдаған.

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444