ТҮРКІСТАН: ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНДЕ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2019 жылдың 23 желтоқсан күні Түркістан облысының прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

Уәкілетті орган басшыларымен өткен мәжілістің күн тәртібінде «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген толықтырулар болды.

Мәжіліс барысында баяндама жасаған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асанұлы Ғанижан Агенттіктің негізгі қызметі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алуға бағытталғанын айта келе, осы бағытта Департаментпен атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Сонымен бірге, күн тәртібіндегі мәселеге кеңінен тоқталып өтті. «Өздеріңізге белгілі 2019 жылдың 28 қарашасында Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев бірқатар Заңнамалық актілерге қол қойды. Солардың арасында «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Осы Заңның қабылдануымен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды деп айта аламын. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қарамағындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітіліп отыр.

Айта кетейін, Мемлекет басшысы 2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өткен кездесуде бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орнынан түсу институтын енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын.

«Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшының тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті» — деп қорытындылады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444