«ҮЗДІК НОМИНАЦИЯЛАР — 2019» БАЙҚАУЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің арнайы «Алғыс хатымен» бірқатар азаматтар марапатталды. Арасында, қала көшесін тазалап жүрген қоғамдық жұмысшыға қол ұшын созып, көмек көрсеткен «Қайырымды полицейде» бар.

Шымкент қаланың экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуына қатысты қалам тербеткен «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің ұжымы «ҮЗДІК РЕДАКЦИЯ» атанды. Ал «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі «Үздік жүрналист» номинациясын иеленді. Жылдың үздігі атанған бұл ұжымға 500 000 теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.

Сонымен қатар, «Жыл үздігі» номинация иелеріде марапатталып 150 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Олар:

1. «Үздік әлеуметтік ролик авторы» — Нұрғали Матаев ( «Ontustik» телеарнасының журналисті)
2. «Үздік блогер» — Арай Есенбек
3. «Үздік телебағдарлама авторы» — Бағлан Байгөбекқызы («Айғақ» телеарнасының тілшісі)
4. «Үздік теле журналист» -Новикова Анастасия («Хабар 24» телеарнасының тілшісі )
5. «Үздік радио бағдарлама авторы» — Уалихан Қожақ ( «Ontustik» радиосының аға редакторы)
6. «Үздік ақпараттық порталы» — «МеdiaOn.kz» ақпараттық агенттігі (редактор Малика Абдалиева)
7. «Үздік ақпараттық портал тілшісі»- Асылбек Туйетаев
8. «Үздік баспа басылымы» — «Уақыт»газеті (бас редакторы Талғат Балтабаев)
9. «Үздік баспа басылымының журналисті» -Баширова Ақмарал Молдиярқызы ( «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі )
10. «Үздік баспасөз хатшысы» — Асель Саденова (Шымкент қаласының полиция департаменті)
11. «Үздік әлеуметтік ролик авторы » — Жансая Тәуекелқызы («Elitar» порталы)

«Үздік журналист» -Нұрлан Әлімбаев ( «Ontustik» телеарнасының тілшісі)
«Үздік редакция» -«Шымкент келбеті» редакциясы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444