«Қауіпсіздік балалар көзімен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Шымкент қаласы Оқушылар сарайында кәмелетке толмағандар қатарындағы өрендермен, сонымен қатар , «Жас ұлан» ұйымының, «Адал ұрпақ» ерікті клубының белсенді мүшелерінің қатысуымен «Қауіпсіздік балалар көзімен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі діңгегі жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жиында мегаполистегі № 41 мектептің белсенді оқушыларының «Мектеп көшбасшыларының басын қосатын өзін-өзі басқару ұйымы» жобасы да қызу талқыланды.Айта кетейік, жігерлі жасөспірімдер бас қосқан дөңгелек үстелді Шымкент қаласының білім басқармасы ұйымдастырып отыр.