Студенттерге «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы түсіндірілді
Шымкент қаласы Индустриалды-құрылыс колледжінің студенттеріне «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында №1 Аль-Фараби Халыққа қызмет көрсету бөлімі (ЦОН) мамандары, менеджерлер — Рахимова Зубайра Оматовна және Орынбаева Дамира Балабековна арнайы шақыртылып кездесу өткізілді. Кездесуді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ерғазы жүргізіп отырды. Жиын барысында студент жастарға Telegram, @EgovKzBot бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, толық мағұлмат берілді.