«Зорлық — зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында жиын өтті
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайдың төрағалығыме «Зорлық — зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында жиын өтті. Маңызды жиында Жастар ресурстық орталығынан құрылған «Аутрич, NEET жастармен жұмыс» бөлімінің атқарған жұмыстары айтылды. Жыл соңына дейін аталған бөлім қызметкерлері әр мөлтек аудан бойынша тұрғын үйлермен әлеуметтік нысандар саны, орын алған құқықбұзушылықтар, маскүнемдер мен жұмыссыздар, жабық топтардың нақты ақпараттары жинақталмақ. Сондай ақ аудандар бойынша келеңсіз жағдайлардың алдын-алу және оқиға болғанда хабарлама қалдыратын ортақ чат құрылу үстінде. Олардың саны қазір 51-ге жетті. Осы жүйе арқылы қоғамдағы зорлық – зомбылықтың алдын алып, күресу көзделіп отыр.