ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ
#Қайырымды_қала_Шымкентте халықтың игілігіне айналған демалыс орындары тағы бір саялы саябақпен толықты. Бүгін
Әл-Фараби ауданына қарасты Спорт шағынауданында, Байтұрсынов көшесі бойындағы гүлзар ашылды.
Гүлзардың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Erlan Aitakhanov, Шымкент қаласы мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
— Мегаполистегі шағынаудандар мен елдімекендердің абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына басымдылық беріледі.
Қараусыз қалған, бос жатқан жерлерде қайта жаңарту жұмыстарымен демалыс орындарының санын көбейтеміз. Алдағы уақытта осындай 10 жоба іске асады. Ендігі мәселе — осындай көрікті орындарды сақтау, күтіп ұстауға жауапкершілікпен қарасақ, — деді қала басшысы құттықтау сөзінде.
— Бұл — қала әкімі Ерлан Айтахановтың берілген тапсырмасының нәтижесінде атқарылған жұмыстар. Қайта жаңарту жұмыстары 100 күнде атқарылды, — дейді қала әкімінің орынбасары Б.Парманов.
Демалыс орнында жаңа субұрқақ бой көтерді. Аталған жұмыстарға қала бюджетінен 49 млн теңге бөлінген.
Қонақтар скверге ағаш отырғызды.
(с) Айгүл Керімқұлова
Фото: Серік Қосаев