ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНДА» ҚАБЫЛДАДЫ
Шымкентте қала әкімі Erlan Aitakhanov «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Әкімнің қабылдауына келген тұрғындар өздерін мазалаған жұмыспен қамту, коммуналдық мәселелер мен жер, әлеуметтік жәрдемақы алу, баспанамен қамту сынды сауалдарын жолдады.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген қала басшысы барлық көтерілген мәселе заң аясында шешілетінін айтты.
Қабылдау барысында Ерлан Қуанышұлы ағымдағы атқарылатын жұмыстарды айтып, тұрғындардың уәждері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі