ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Бүгін #қайырымды_қала_Шымкентте ҚР Ұлттық валютасының төл мерекесіне арналған іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімі Erlan Aitakhanov барша жиылған қауымды 1993 жылы 15 қарашада айналымға енген ұлттық валютаға 26 жыл толуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Бүгінде теңгеміз мемлекет дамуының маңызды рөлін атқарады. Мемлекетаралық қатынастарды орнықтыруға және мемлекет ішіндегі қаржы операцияларын орындауда. Мұның бәріне еліміздің қаржы саласындағы мыңдаған қызметкерлердің еңбегімен қол жеткізілді», — деді Ерлан Қуанышұлы.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 35 азаматты сүбелі еңбектері үшін Алғыс хатпен марапаттап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі