Шымкентте 267,4 мың адам зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы алушылар қатарына жатады

Бүгін Шымкент қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында  өткен баспасөз брифингінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Аманжол Нұрсейітов атқарылған жұмыстары туралы мәлімдеді.  Департамент басшысының айтуынша, бүгінгі таңда республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың Шымкент қаласы бойынша жалпы саны (2019 жылғы қараша айына) 267,4 мың адамды құрайды. Яғни, айына 9,5 млрд. қаржы жұмсалуда.

Департаментте  зейнетақы мен жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау жұмыстары  бойынша, мемлекеттік қызметтің 13 түрінен қызмет көрсетіледі.  2019 жылдың 9 айында – 34,9 мың адамға әлеуметтік төлемдерді тағайындалды, салыстырмалы түрде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14% көбейген.

Жасына байланысты зейнетақы алушылардың саны – 80 мыңға жуық,  орташа зейнетақы 55467 теңгені құрады (2018 жылы 52568); Базалық зейнетақы алушылардың саны –79,9 мың адам,  орташа төлем -26175 теңге.(2018 жылы 25000).  Басқа да төлемдер алушылар саны –107,5  мың адам.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің негізгі міндеттері — бюджет қаражаты есебінен берілетін зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі шешім қабылдау; медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу; мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444