«ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ» ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ӨНЕГЕЛІ ІСКЕ БАСТАЙТЫН ЖОБА

Бүгін «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі денсаулық сақтау және білім саласындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою сондай-ақ, «Парасатталық мектептері» жобасы бойынша атқаратын жұмыстарды талқылау мақсатында кездесу өтті.

«Парасаттылық мектебі» — өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын жоба.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен биыл Түркістан облысының аумағындағы 6 білім беру ұйымдарында «Парасаттылық мектебі» ашылды.

Аталған жиынға денсаулық сақтау саласы бойынша білім беру ұйымдарының «Саналы ұрпақ» жобасына жауапты қызметкерлер қатысып баяндамалар мен ұсыныстар айтылды.

Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және қоғамдық бақылауды арттыру мақсатында «Білім саласына» артылар сенім үлкен екендігі, жемқорлықтың кез келген көрінісіне тосқауыл қою керектігі айтылды.

«Brain storing» форматында өтіп, жиын қорытындысымен сыбайлас жемқорлықтан арылу, ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік саясатын жүргізу, білім саласының абыройын көтеру үшін «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп жұмыс жасау ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444