Этнос жастары онлайн поэзия фестиваліне қатысып, белсенділік танытты

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Шымкент қаласындағы түрлі этнос өкілдерінің жастары онлайн поэзия фестиваліне қатысып, ақын шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Шымкент қаласы түрік этномәдени бірлестігі жанындағы «Жастар қанаты» ұйымының мүшесі Карипова Феруза Абайдың «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңін оқыса, әзербайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Гурбанова Жәлила «Абайдың кейбір кездері», «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестінінің мүшесі Берік Сапар «Мәз болады болысың…», татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі Ақбердиева Фарида «Кешегі Оспан ағасы…» өлеңдерін оқып, ақынның поэзия әлеміндегі жазбаларын таратты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444