Ата Заң — еліміздің  демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына кепіл бола алады

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №75 мектепте  «1 қыркүйек — Білім күніне» орай «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында 2-11 мектеп оқушыларын онлайн түрде қашықтан мектеп директоры Ақтолқын Ділдабекқызы 2020-2021 оқу жылының басталу мерекесімен шын жүректен құттықтады. 1 сыныптың кезекші сыныптарының оқушылары Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ашық тәрбие сағаттарын өткізді. «Адал ұрпақ» ұйымының мүшелері құттықтау сөздерін жас бүлдіршіндерге тарту етіп, мектептің алғашқы қоңырауын сыңғырлатты. «Адал ұрпақ» ұйымының өкілдері Конституциямыздың 25 жылдығына орай Ата Заңымыздың осыдан ширек ғасыр бұрын қабылданғанын, осы Конституцияның арқасында еліміз  демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамып келе жатқанын оқушыларға ұғындырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444