Кәсіподақ мүшелеріне Қайырымдылық сертификаттары тапсырылды

««SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №40 қаулысына сәйкес Шымкент қалалық филиалының 8 кәсіподақ мүшесіне 250000 теңгенің Қайырымдылық сертификаттары бөлінген болатын.
Ол сертификаттарды ««SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Шымкент қалалық филиалының төрағасы Батырбеков Ерқозы Тілеуханұлы кәсіподақ мүшелеріне салтанатты түрде табыстады.
Жалпы Шымкент қаласының 8 медицина қызметкерінің әрқайсысына 250,0 мың теңгенің сертификаты тапсырылса, оның барлығының жалпы құны 2,0 млн. теңгені құрап отыр.
Олардың қатарында 7 медбике және 1 санитарка қызметкері бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444