Шымкент: Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары талқыланды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы Қаратау аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының маманына қатысты қылмыстық іс аясында ұсынымды қарау бойынша кездесу өткізді.

Кездесуге Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мен ұжымы қатысты (100-ден астам қызметкер).

Осы мемлекеттік органның маманы өз қызметін пайдалана отырып, Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті банкрот деп тану, аталған заңды тұлғаның жұмысын тоқтату, мәселені оңды шешу лауазымдық міндеттеріне кірмесе де, алдау жолымен құны  5 млн. тұратын автокөлікті иемденіп, бөтеннің мүлкін жымқырғандығы айтылды.

Сонымен қатар, кездесуде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің мән-жайлары мен себептері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың проблемалық мәселелері түсіндірілді.

Алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында қызметкерлер арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Сонымен қатар, Департамент басшылығы парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық сияқты құндылықтарды ұжымда сақтауға шақырды.

Кездесу соңында қалалық Мемлекеттік кірістер департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат тыңдалды.

Шара қорытындысымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру келісілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444