ANTIKOR LIVE: НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ-СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Пандемия кезеңінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық және ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали мекеменің 2020 жылда атқарған жұмыстарын қорытындылау барысында хабарлады.

«Карантиндік шаралар кезеңінде, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, «Antikor Live» және «Adal Komek» жобалары іске қосылды. Аталған жобалар халықты толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау бойынша тиімді алаңға айналды.

Сондай-ақ, жобалар қоғам мен мемлекеттік құрылымдар тарапынан кең қолдау тапты.

Олардың жүзеге асырылу сәтінен бастап (2020 жылдың наурыз айынан) 870 тікелей эфирлер ұйымдастырылып, мегаполистің 630 мың  тұрғындарды қамтыған» — деді Асхат Жұмағали.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында азаматтық қоғам институттарымен тығыз өзара іс-қимыл маңызды рөл атқаратындығын мәлімдеді.

«Шымкент – адалдық алаңы», арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағартушылық штабы тарапынан жүзеге асырылған жобалар оң нәтижелерін берді.

Өткен жылы қоғам белсенділерімен бірлесіп 1600-ден астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, барлық әлеуметтік маңызы бар салалар қамтылды» — деді спикер.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444