Шымкент қаласында алғашқы «Адалдық дүкені» ашылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Соның бірі, «Адалдық дүкенін» ашу бастамасын Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаладағы барлық жоғарғы оқу орындары мен колледжерде ашу туралы ұсыныс берді.

Аталған ұсынысқа М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді.

А.ж. 21 қараша күні Департамент басшылығы Университет  ректоратымен бірлесе салтанатты түрде ашылу рәсімін өткізді.

«Адалдық дүкені» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.

Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған.

Бұл факторлар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді.

Ашылу салтанатына қатысқан Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е.Жұмабаев аталған жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бастамасымен жүзеге асып жатқандығын жеткізіп, Шымкент қаласында алғаш болып қолдаған  Университетке алғысын білдірді.

«Жобаның басты мақсаты — қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және студент жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру» — деп атап өтті Ерғали Тілесбайұлы.

Ашылу салтанатына қатысқан студенттер мұндай дүкеннің ашылуына таңданыстарын жеткізіп, жастарға білдірілген сенім үшін ұйымдастырушыларға, университет ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Айта кету керек, осы тұрғыдағы «Адалдық дүкендерін» қаланың барлық жоғарғы оқу орындары мен колледжерінде ашу жоспарлануда.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444