«АДАЛ ҰРПАҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШАРА ӨТТІ

Жастайынан баланың санасына тазалық, адалдық, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңіретін болсақ, есейгенде бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасады.

Осылай деген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ақпараттық-ағартушылық штабының өкілдері №52 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен адалдық сағатын өткізді.

«Адал ұрпақ» жобасы аясында өткен шара барысында спикерлер болашақ ұрпақты тәрбие мен білім берумен қатар, адал жұмыс жасауға да үйрету қажеттігін айтты. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуы үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.

Департамент өкілдері еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін жеткізіп, сабақты жақсы оқуға, кез-келген жетістікке өз білімімен, адал жетуге шақырды. Кездесуде  ақын-жазушылардың, белгілі тұлғалардың шығармашылығы мен өмір жолынан мысалдар келтіріліп, барлық жағдайда адал, әділетті болу қажеттігін жеткізді.

Онлайн шарада оқушылар жемқорлыққа қатысты өз ойларын ортаға салып, адалдық жайында пікірлерімен бөлісті.

Айта кетейік, осы тұрғыдағы шаралар қалалық білім басқармасына қарасты №2 және №3 мектептерінің оқушылары арасында ұйымдастырылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444