ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАҚЫРЫПТАҒЫ ҮЗДІК ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің және «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында эссе байқауын өткізді.
Шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дәріптейтін құндылықтарды түсіндіру, сақтау және нығайту, парасаттылық мәдениетін қалыптастыруда жастардың үлесін жоғарылату болып табылады.
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының коворкинг орталығының алаңында өткен байқауға 3 Университеттен 7 студент қатысты.
Байқауға қатысушылар тақырып бойынша мәселені зерделеп, өз пайымын, азаматтық көзқарасы мен ұстанымын, ұсыныстарын жазды. Оларға Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Арнайы мониторингтік топ өкілдері мен қоғам өкілдерінен құралған әділқазылар сұрақтар қойып, тақырып бойынша ашылмай қалған тұстарын кеңінен жеткізуге мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысымен І-орынды SilkWay Халықаралық университетінің студенттері И.Есентай, ІІ-орынды А.Лашкер, ІІІ-орынды «Мирас» университетінің студенті Г.Ниятуллаева иеленді.
Жеңімпаздар 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында марапатталатын болады.