Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов мегаполистің жастарымен кездесті

Жастар ресурстық орталығының ғимаратында өткен қала әкімімен болған еркін форматтағы басқосуға Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мекемелердің оқушылары, студенттері мен жастары, сонымен қатар білім ордаларының басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Кездесуде кезек күттірмейтін білім саласындағы өзекті мәселелер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, уақытты тиімді пайдалану, үнемі іздену арқылы өзін-өзі дамыту сынды мәселелер талқыланды. «Мен айтар едім, біліммен қатар тәрбие де жүру қажет. Қазіргі жастар қазақтың салт-дәстүрін ұмытпау керек. Кезінде әл-Фараби тәрбиесіз білім — адам баласына жат деп бекер айтпады. Өз-өзіңді дамытуды, алған біліміңді жетілдіруді үнемі жалғастырып отыру керек, сонда ғана көздеген мақсатыңа жетесің» – деді Ерлан Айтаханов.
Екі сағатқа жалғасқан кездесуде жастар сан түрлі бағытта сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, қала әкімі еркін форматта жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444