СЕРБИЯ ПАВИЛЬОНЫ КӨРМЕГЕ КЕЛУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫН АУДАРУДА

ЭКСПО қалашығындағы Сербия павильонын күнделікті 4 мыңнан аса адам тамашалайды екен. Ал демалыс күндері келушілердің саны еселене түсетін көрінеді. Бүгін де павильонды аралаған саяхатшылар аз болмады. Себебі Сербияның ұлттық күндері аталып өтілуде. Туристер Сербияның баламалы энергетиканы дамыту саласындағы үздік жетістіктермен танысып, 3D фильмді де тамашалады.

Сербия гидроэлектрстанцияларының көмегімен жылына 31 мың гигаватт сағат электр қуатын өндіруге қауқары жетеді. Бірақ қазір бұл мүмкіндіктің тек 62%-ы ғана іске асып жатыр. Елдің бұл саладағы жетістіктері павильонға келушілерге барынша түсінікті етіп көрсетілген. Су ағыны арқылы генераторлар қозғалып, энергия өндіріледі. Алынған қуат үйлерді жарықтандыруға жұмсалады. Осылайша баламалы энергетика мемлекет қаржысын үнемдеп, экономикасының өсуіне септігін тинізуде. Сербия ұлттық павильонының директоры Мариан Божевич: — «Біздің елде өзендер өте көп. Әсіресе көлемі үлкен Дунай өзенінен көптеп энергия өндіреміз. Сондай-ақ соңғы жылдары жел электр станцияларын дамытуға көңіл бөлініп отыр. Сербияның желден жылына 2300 гигаватт сағат энергия алуға мүмкіндігі бар» -дейді ол.

Бірақ бұл әлеует әзірге іске аспай отыр. Тіпті көрсеткіш көңіл көншітпейтін көрінеді. Бар болғаны 1 жылда 1300 мегаватт сағат қана энергия өндіріледі екен. Алайда, сербтер биомассадан да қуат алуды бастаған болатын. Бүгінде 5 млн гектар жер ауыл шарушалығына тиесілі екенін ескеріп, түрлі дәнді-дақыл мен көкөністердің қалдықтарын кәдеге жаратып, энергия көзіне айналдырып отыр.

Әнел Садықова, экскурсия жетекшісі: — Біздегі ағаш, картоптың қалдықтары, тезек, бидай қалдықтары биомасса болып өндіріледі де, содан энергия алынады. Жалпы, Сербияда жылына 12,5 мегатонна биомасса алынады. Соның 9 мегатоннасы Войводина деген жерден алынады.  Сербтер энергия өндірудегі жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, осы бағытта еңбек еткен ғалымдары да көпшілікке танытып жатыр. Көрмеге келушілер 3D форматындағы фильмді тамашалап, атақты физик Никола Тесланың ізденістерімен таныса алады.

Адамдардың өмір сүруі мен дамуы үшін «жасыл» экономикаға көшуді қажет етеді, яғни бұл болашақ ұрпақтарды экологиялық тәуекелдер мен экологиялық тапшылықтарға апармай, өндірістермен байланыстарды, экономикалық қызмет түрлерінің жүйесіне келтіріп, адамдардың әл-ауқатының көтерілуіне алып келуі керек. «Жасыл» экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар — мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Сербия мемлекеті де осы бағытта біршама істер атқарып, ел экономикасына оң өзгеріс әкелетін, сарқылуға ұшыраған пайдалы қазбаларын үнемдейтін «жасыл» экономика бағытан дамытуға кіріскен.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444