Пациенттерді онкологиялық химиопрепараттармен қамтамасыз ету жайы айтылды
2019 жылға онкологиялық пациенттерді амбулаториялық деңгейде химиопрепараттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Шымкент қалалық онкологиялық орталығы 30 дәрілік заттың атауы бойынша 1 067 567 041,96 теңгеге «СҚ-Фармация» ЖШС-не өтінім берген. Қазіргі таңда 506 556 986,82 теңгеге 1 135 пациенттер химиопрепараттармен қамтамасыз етілген.
Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен Қатерлі ісік аурымен есепте тұратын науқастарға онкологиялық препараттардың берілуіне байланысты өткен брифингте айтылды.
БАҚ өкілдерінде туындаған сұрақтарға Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ғалымжан Абишев, дәрілік заттармен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің басшысы Гауһар Абенова, қалалық онкологиялық орталықтың бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Жақсылық Мауленов жауап берді.