Адам денсаулығы — қоғам байлығы
Денсаулық — адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында. №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының аумағында Консультативтік диагностикалық орталық жұмыс істейді. Бұл орталықта жоғары білімді және жоғары санатты дәрігерлер қабылдау жүргізуде. КДО бөлімшесінде амбулаторлық емханалық бағытта тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және ақылы түрде медициналық қызмет түрлері көрсетіледі. Бір айтып кететін жағдай КДО бөлімшесі басқа емханалармен салыстырмалы түрде қарағанда көрсетілетін медициналық көмектердің бағалары әлдеқайда төмен .Сонымен қатар бұл емханада көптеген диагностикалық тексеру түрлері МРТ ,КТ,УЗИ,ФГДС,ЭКГ,физиоемдеу бөлмелері, рентгенография,клиникалық, гематологиялық, биохимиялық,бактериологиялық зерттеулер жасалады . Орталықта дәрігерлер сапалы медициналық көмек көрсетеді.
—