«Жасотандықтардың» атқарған жұмыстары қорытындыланды

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезектен  тыс 10-шы есеп-беру сайлау конференциясы болып өтті. Онда жасотандықтардың атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттері айқындалды.

Конференцияда Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарылуға тиіс басым бағыттар туралы баяндама жасалды. Одан соң, «Жас Отан» жастар қанатының биылғы атқарған ауқымды істері мен жүзеге асырған жобалары туралы есебі тыңдалды. Мемлекет басшысы «Жас Отан» Жастар қанатының әр съезінде жастарға үлкен сенім артып, олардың жарқын болашағы үшін барлық мүмкіндіктерге жол ашуда.

Бақытжан Құтжан,  «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысының міндетін атқарушы:

-Сонымен қатар, Т-dex форматында  бес бағытымен он үш бастамасы, жүз жиырма іс-шараны біріктірген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен мүмкіндіктерін жастарға түсіндіру мақсатында «Сандық ұлт» жобасы іске қосылды. Осы жоба аясында қаламызда жастардың бағдарламалау негіздерін және робототехникаларын 3Д модельдеуді үйрену үшін екі IT-сынып пен бір  IT-орталық ашылған болатын, — деді.

Жастар жалпы облыс халқының 21,9 пайызын құрап отыр. Олардың басым көпшілігі «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері. Жалпы есептік мерзім аралығында жасотандықтардың ұйытқы болуымен 5000-нан аса іс-шара өткізіліп, оған 200 000-ға жуық жас қатысқан. «Сәтті қадам» партиялық жобасы басталғалы облыс көлемінде бірнеше мекемемен екіжақты меморандумға қол қойылған. Сол арқылы бірнеше жас азаматтар еңбек тәжірибесінен өтіп, тұрақты жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда айтып өткендей, келер жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Демек жастарға артылар сенім мен үміт көп.

Иә, бүгінгі күні қазақстандық жастардың жаңа буыны қалыптасып келеді. Кезекті конференцияға жиналғандар «біз барлық күш-жігерімізді мемлекетімізді нығайтып, оны дамытуға арнаймыз», -дейді. Жиын соңында Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы сайланып, кеңесінің құрамы бекітілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444