Жамбылда «Қыс 2018» республикалық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
Жамбыл облысында ТЖД қызметкерлерінің атқаруымен «Алматы-Ташкент-Термез», «Күйік» асуы автожол учаскесінде «Қыс 2018» республикалық командалық-штабтың шеңберінде арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Атап айтқанда, құлақтандыру және байланыс, шұғыл кезекшіліктің ұйымдастырылуы, диспетчерлік және болжамдау қызметтерінің жұмысы, құрылған материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық қордың дайындығы тексерілді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар туындаған орыннан халықты қауіпсіз ауданға көшіру мәселелері, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралары жүргізілді. «Қыс-2018» оқу-жаттығуы аясында елдің өңірлерде электр дабылдар қосуымен құлақтандыру жүйесіне техникалық тескеріс жүргізіледі. Осы іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» құлақтандыру бірыңғай дабылына әрекет ету тәртібін үйрету мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты сабыр сақтауға және үрейленбеуге шақырамыз», — дейді мамандар.
Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.
Сонымен қатар, автожолдың қауіпті учаскесінің қозғалысын уақтылы жабу, зардап шеккендерді құтқару, оларға психологиялық және медициналық көмек көрсету, жылыту пунктеріне орналастыру, көлік құралдарын қауіпсіз орындарға көшіру сынды жаттығулар жан-жақты пысықталды.
Айта кетейік, оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ, «ЖҚЖ» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалы, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі, «ҚазАвтоЖол» ҰК» Жамбыл облыстық филиалы және Ұлттық Ұланы №5513 әскери бөлімінің өкілдері қатысты. «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша барлық алға қойған міндеттер толық көлемде орындалып, оқу-жаттығу мақсатына жетті.