Т.Рысқұлов ауданында «Нұр Отан» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті

«Нұр Отан» партиясының негізгі мақсаттарының бірі әрдайым халықтың жанынан табылып, олардың мақсат-мүддесін қорғау болса, бұл мәселеде Партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімі үлкен рөл атқарады.

Тұрар Рысқұлов ауданының Қорағаты ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығын мерекелеуге арналған жиырма азаматтардың көшпелі қоғамдық қабылдаулары  өтті.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов, аудан әкімі Асқар Қырықбаев және бірқатар бөлім басшылары қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты билік пен шалғай ауылды елдімекендерде тұратын халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердіӊ оӊ шешімін табуға ықпал етіп, кеӊестер беру. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау қызметі партия құрылған уақыттан бері жұмыс істеуде. Бұл уақыт ішінде аудан тұрғындары өздерінің әлеуметтік, құқықтық, жеке мәселелерімен де қайырылып, партиядан көмек сұрады. Алғашқы уақыттарда қоғамдық қабылдауды партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары мен партияның аудандық мәслихаттағы депутаттары өткізетін. Халықтың мұң-мұқтажын тиісті орындарға жеткізіп, оның оң шешілуіне де осы депутаттар ықпал ететін. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі де аз болған жоқ, әрине. Мәселен, соңғы жылдары қоғамдық қабылдауға келушілердің де, шешілген мәселелердің де саны артқан. Бұл партияға деген халықтың сенімінің арта түскенін дәлелдесе керек.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Т.Рысқұлов ауданында 176 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 438 адам қабылдауға келген, 143 өтініш оң шешімін тапса, 295 өтінішке заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Қоғамдық қабылдауда Қорағаты ауылы тұрғындарын толғандырған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, ауылда және ауданда атқарылып жатқан оңды істер туралы баяндалды. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауды бұрынғыдай депутаттар мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ғана емес, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары қатыса отырып өткізетіні бұл бағыттағы жұмыстың жандана түсуіне сеп болды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444