Зейнетақы салымшылары үшін «Ашық есік күні» өтті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) АҚ Жамбыл облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты ашық есік күні өтті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бүгінде мобильдік жүйеде. Қазіргі уақыттар барлық салымшылар мен алушылар өз зейнетақы жинағын  ұялы телефонынан бақылай алатын болады. Ашық есік күніне алғаш рет жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды және шараға 350 адам қатысты. Қор қызметкерлері ашық есік шарасына келгендерге зейнетақы қызметтері мен кеңес алу жолдары туралы айтып берді. Сонымен қатар, шараға қатысушылар қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығымен танысты.

Сондай-ақ, қызметкерлер шараға қатысушыларға жеке кеңес беріп, оларды қор қызметтеріне өз бетінше жүгіну тәсілдеріне, жеке кабинет ашуға, смартфон арқылы қосымшаны қолдануға үйретті. Сонымен қатар, қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды. Сайыста филиал директоры  Н.Джармуханбетов жеңімпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.

Айта кетейік, БЖЗҚ АҚ ашық есік күнін екінші жыл қатарынан тоқсан сайын өткізіп келеді. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы біліп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт аралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.

Бүгінгі таңда зейнеткерлер зейнетақысының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алатын болса, келешекте қазіргі жас буын өкілдерінің  демалыс ақысы негізінен  өздерінің  аударған жинақтарына байланысты болмақ. Осы мәселеге қатысты қор қызметкерлері ашық есік шарасына келгендерге кеңес бергені жұртшылық үшін пайдалы болды. Бұл күндері «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» еліміздің барлық тұрғындарына қолжетімді. Республиканың бүкіл аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасап, Алматы, Атырау, Қостанай облыстарының шалғай елді мекендерінде  жылжымалы кеңселер іске қосылған.Кеңес беру үшін арнайы ақпарттық порталдар, telegram-бот және 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы  жұмыс жасайды. Ал, алдағы уақытта ыңғайлы мобильді қосымша  іске қосылмақ.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444