АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТЫ ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстанда коронавирусты індет тіркелген жоқ. Қытайда белең алған инфекцияның алдын алу мақсатында Түркістан облысында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.

Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының ұйымдастыруымен аудандар мен қалаларда құзырлы органдар және мекемелермен бірлесе отырып Қытай республикасынан басқа елдерге тарап жатқан коронавирусты инфекцияның (2019-nCoV) алдын-алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Атқарылған іс-шараларға жергілікті жерлердегі бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен тартылған.
Жұқпалы дерттің белгілері тұмауға ұқсас: бас ауырады, дене қызуы көтеріледі, әлсіреп, тыныс алу нашарлайды. Асқынған жағдайда пневмония мен бүйрек жетіспеушілігінен өлім-жітімге дейін әкелуі мүмкін. Тұмауратудың осындай белгілері анықталса, өз бетінше емделмей, бірден дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Көпшілік жиналған орындар және ауру симптомдары бар науқастар, жануарлармен қарым –қатынасты шектеп, жеке бас гигиена ережелерін сақтаңыздар. Қолды жиі сабынмен жуып, керекті жағдайда медициналық бетперде қолдану керек. Сарапшы мамандар Қазақстан азаматтарына Қытай мен коронавирус тараған елдерге жоспарлаған сапарларын уақытша тоқтатуға немесе бас тартуға кеңес береді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444