«Өз үйім» бағдарламасы аясында Шымкентте ҚТҚЖБ салымшылары үшін 205 пәтер қолданысқа берілмек
Бұл туралы Шымкент қаласында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур барысында айтылды.
«Өз үйім» бағдарламасы аясында Шымкентте ҚТҚЖБ салымшылары үшін 205 пәтер қолданысқа берілмек.
ҚТҚЖБ өз салымшыларына баспана сатып алу үшін 3,5% жылдық мөлшерлеме бойынша қарыз беруге дайын. Ол үшін есеп шотыңызда бастапқы жарнаның кем дегенде 50%-ы болуы тиіс.
Тұрғын үйді «Бақыт» жəне «Премьера» ТК-нен алуға болады.
Кешен қала орталығы Бəйтереков көшесі, «Нұрсəт» мөлтекауданы мен «Премьера» тұрғын үй кешені «Нұртас» мөлтекауданы, Майтөбе көшесі, 214 мекенжайындағы жаңа ықшам ауданда салынып жатыр. Құрылысты салушы компания «Компоит-7» ЖШС. «Бақыт» т.к әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 200 000-320 000 теңге аралығында. Нысанды 2020 жылдың жаз маусымында қолданысқа беру жоспарлануда.
— «Өз үйім» бағдарламасының біршама артықшылықтары бар. Біріншіден, мұнда тұрғын үйлердің бағасы нарықтағыдан төмен. Екіншіден, бағдарламаға облыстың барлық тұрғындары қатыса алады. Мұнда мемлекеттік бағдарламадағы тәрізді меншіктегі тұрғын үйдің болуына қатысты шектеулер жоқ. Бағдарламаның үшінші артықшылығы – жылдық мөлшерлеме 3,5%-ға дейін төмендетіледі. Мысалы, 11 млн 284 теңге тұратын 1 бөлмелі пәтерді сатып алу үшін есепшотыңызға 5 млн 642 теңге жинау қажет. Банк 3,5 %-бен қарыз береді және қарыз бойынша төлем айына 65 мың 823 теңгені құрайды, 8 жыл өткеннен кейін ай сайынғы төлем сомасы 41 мың 514 теңгеге дейін азаяды, — деп түсіндіріп өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Шымкент филиалы бөлімінің басшысы Нұрлан Сұлтанов.
Айта кетсек, қазіргі уақытта банк аталған тұрғын үй кешеніндегі баспаналарды сатуды бастады.