Шымкентте «100 жаңа есімге» үміткерлерді тіркеу жұмыстары жүріп жатыр

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы білім-ғылымы толысқан, үздік маман, нағыз үлгі боларлық жастарды көпшілікке насихаттайтын айтулы жобалардың біріне айналды. Жуырда аталған жобаға іріктеудің екінші кезеңі басталып, Шымкентте «100 жаңа есімге» үміткерлерді тіркеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қаладағы «MEGA PLANET» сауда-ойын-сауық орталығының алдында мамандар тұрғындарға жоба туралы ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Үшінші мегаполис атынан 68 адам үміткер ретінде 100 жаңа есім жобасына қатысуға ниет білдірген.

Айта кетейік, елімізде үшінші рет өткізіліп отырған жобаға 18 бен 39 жас аралығындағы ғылым, қоғам, мәдениет, медицина, бизнес, спорт салаларында жетістікке жеткен азаматтар қатыса алады. Ол үшін www.100 janaesim.ruh.kz сайтына кіріп, анкета толтыруы қажет. Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаеваның айтуынша, жобаға негізінде 150-ден астам адам қамтылуы тиіс. Республикалық жобаға өтінімдер қабылдау қараша айына дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444