Жыл басынан бері 20530 азамат жұмыспен қамтылған

Шымкентте жыл басынан  қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына 31342 азамат өтініш білдіріп, нәтижесінде 28071 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Аталған жұмыс «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған кешенді жоспар бойынша жүзеге асырылып отыр. Жалпы, жоғарыда аталған бағдарлама төрт негізгі бағыттан тұрады. Олар: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету», «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту», «Жастар — ел тірегі» жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша үстіміздегі жылы техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2000 адамды жолдау жоспарланған. Мұнда оқу мерзімі орташа есеппен 2 жыл 10 айды құрайды. Мәселен, қыркүйекте 10 оқу орнына 1499 азамат жолданды. Сондай-ақ, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 3000 адам жоспарланса, 27 оқу орнына 3602 адам жіберілді. Оның ішінде 1019 адам оқуын тәмамдап, 314-і жұмыспен қамтылды. Бұл оқытудың мерзімі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға сәйкес 1 айдан 3 айға дейін белгіленген.
Ал, бағдарламаның екінші бағыты бойынша жоспарланған 75 адамның 42-сі несие алды. Жаңа бизнес идея үшін 502 азаматқа грант беру жоспарланса, оның екеуіне 100 АЕК көлемінде грант берілді. 500 адам 200 АЕК-тен қаражат алса, оның 200-і грантқа ие болды.

Бағдарламаның үшінші бағытына келсек, жоспар 24454 адамды жұмыспен қамту керек болса, 20530 азамат жұмыспен қамтылып, жұмыстың орындалу нәтижесінің 84% құрады.
Енді төртінші бағытн бойынша — «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту жобасы бойынша оқуға 1400 орын бөлінген. Үміткер ретінде 1278 жас азаматтың өтініштері қабылданып, оларға жолдама берілді. Жоба бойынша 1271 жас өз бизнес жобаларын сәтті қорғап шығып, оларға тиісті куәліктер табыс етілді. Аталған жобаның шеңберінде 23 жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі азамат, 17 көпбалалы отбасы оқуды аяқтаған. Жоғарыда айтып өткен бизнес идеяларын жасаған 1271 азаматтың 884-і грантқа өз құжаттарын өткізіп, 84 үміткер грантты жеңіп алды. Шымкентқаласы бойынша 2600 адамды «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған болса, 918 азамат оқуға жолданған.

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444