ЖАС ДИЗАЙНЕРЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қалалық жас дизайнерлер арасында «Алтын қайшы» байқауы өз мәресіне жетті. Алтын қайшылы Ізбике ананың ісін жалғастырып жүрген жас дизайнерлер көпшілікке өз коллекцияларын ұсынды. Түрлі тақырып пен стильдегі костюмдер заманауи үлгіде тігілген. Сегіз қатысушының арасынан суырылып алға шыққан Төлбасы Гауһар Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тәлімгері. Ол спорттық үлгідегі киімдер топтамасынұсынды. Ерекше ою өрнекпен сәнделген костюмдер қазылар алқасының көңілінен шықты. Екінші орынға Ә.Қастеев атындағы өнер колледжінің студенті Темірәлі Айару ие болды. Ал, үшінші орын М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенті Мұратбаева Ғазизаға бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы сертификат және қаржылай сыйлық табысталды. Бірінші орын иегері 200 000, екінші орынға 100 000, ал үшінші орынға 50 000 теңге тапсырылды. Сондай-ақ, «Алтын қайшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлтебаев Сәдібек барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығын (30 000тенге) тапсырды. Жас дизайнер Төлбасы Гауһар Шымкент қалалық дизайнерлер одағының мүшесіне қабылданды.