Шымкентте «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылуда

Шымкентте «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылуда.
Бұл жөнінде Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.
Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру бағытында жүзеге аспақ.
Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық,қайсарлық қасиеттерге баулу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444