ШЫМКЕНТ: Экономикалық тергеу департаментінде ұсыну қаралды

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынымды қарау шеңберінде кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали және оның орынбасарлары Т.Серікбаев, К.Қабылбеков, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Р.Ракишев және жеке құрам қатысты.

Кездесу барысында аталған Департамент қызметкерінің үстінен жазылған жеке кәсіпкердің арызы қаралды. Онда жеке кәсіпкерден  қалалық Экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері пара талап еткендігі жөнінде айтылып, алайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған Департамент қызметкерінің іс-әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық әрекеттері дәлелденбегендігі айтылды.

Сонымен қатар, кездесуде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің мән-жайлары мен себептері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың проблемалық мәселелері түсіндірілді.

Алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында қызметкерлер арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Департамент басшылығы парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық сияқты құндылықтарды ұжымда сақтауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444