ЭКСПО қалашығында Джибутидің ұлттық күнін мерекелеу басталды
Астанадағы ЭКСПО қалашығында Джибутидің ұлттық күнін мерекелеу басталды. Қара құрлықтағы бұл ел көрмедегі ұлттық саxнадан өзінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын паш етті. Музыкалық фольклорлық тобы да өз өнерін көрсетті. Іс шара барысында қос мемлекеттің әнұрандары орындалып, екі елдің байрақтары көкке көтерілді. Қазақстан тарапынан Әділет вице-министрі Эльвира Азимова ханым құттықтау сөзін жеткізді. Ал Джибути елінің тарапынан сауда және туризм министрі сөз алып, өзінің мемлекеті жайлы кеңірек баяндаған болатын. Джибути елі туралы айтар болсақ, Африканың солтүстік-шығысында орналасқан шағын ғана мемлекет. Аумағы небәрі 23 мың шаршы шақырым. Ресми тілі – француз. Джибути мемлекетінің Африка Плаза павильонында орналасқан стенды бар. Жалпы джибутиліктер баламалы энергия көздеріне аса көңіл аударады. Күн панельдері кеңінен қолданылады. Өйткені жыл бойы шуақты күндер, жаз болады. Орташа температурасы 32 градусты құрайды. Қазір олар тұтынатын энергияның 65 пайызын су электр станциясынан алынады, оның өзі көрші Эфиопия еліне тәуелді болып келеді. Сондықтан олар еліміздегі ЭКСПО көрмесіне келіп, өзінің мемлекетін кеңірек таныстырып, еліне инвестиция тартуды көздеп отыр. «Астанадағы ЭКСПО көрмесі біз үшін таптырмас мүмкіндік», − деп айтты өз сөзінде сауда және туризм министрі іс шара басында.
Рәсімге Джибути Республикасының Сауда және Туризм Министрі Жоғары Мәртебелі Хассан Хумад ИбраҺим мырза мен Мәскеудегі Джибути Республикасының Елшісі Мұхаммед Әли Кәміл қатысты. Джибути Республикасы Ұлттық сахнадан өзінің дәстүрі мен әдет-ғұрпын паш етіп, мәдени бағдарлама шеңберінде «4 Mars» (фо марс) музыкалық фольклорлық тобы өнер көрсетті. Түстен кейін Джибутидің ресми делегациясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жетекші кәсіпкерлері қатысатын осы елге инвестиция құю мүмкіндіктеріне арналған Іскерлік Форум өткізілді. Спикерлер журналисттерге Джибути Республикасының Ұлттық күні, Болашақ Энергиясы, инвестицияны тарту мүмкіндіктері мен Қазақстан және Джибути Республикасы арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелеп берді.