Қазақстан мен Нидерланд «ЭКСПО-2017» аясында жаңа жобаны іске асыратын болды

ЭКСПО шарасы аясында бүгін Нидерланд елі өзінің Ұлттық күнін атап өтіп жатыр. Қазақстан мен Нидерланд корольдігі «ЭКСПО-2017» аясында бірнеше жаңа жобаны іске асыратын болды. Нидерланд корольдігінің Ұлттық күні үшін арнайы келген делегация біздің елмен бірқатар келісім жасады. Қазірдің өзінде Қазақстанда 75 Нидерланд компаниясы жұмыс істеп келеді. Бұл жолы тағы 25 кәсіпорын Астанаға өз ұсыныстарымен келді. Қызғалдақтар елінің Ұлттық күні ресми ашылысымен, делегация Нидерланд павильонын аралады. Аумағы кішігірім болғанымен, бұл мемлекет жасыл энергияны ежелден бері тиімді пайдаланып келеді. Сондықтан, бұл көрмеде өз елдеріндегі инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәсілдерін барынша көрсетуде. Сонымен қатар нидерландықтар түрлі ойындар ұйымдастырып, Голландияның символы ретінде қызғалдақтар үлестірді. Ұлттық күні қарсаныңда бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Олардың бірі Голландияның инновациялар байқауы өз мәресіне жетті. Сәуірде басталған байқауға алты команда қатысты. Байқау шартына сәйкес әрбір командада Голландия мен Қазақстаннан міндетті түрде екі студент болуы керек.  Ақтық сынға жолдама алған үш қоманда арасынан «Алматы қаласында суды қолданудың айналмалы жүйесін құру» жобасы жеңіске жетті. Ермек Жұмаш, жоба авторы:  — Біздің шешіміміз осы айналмалы суды қаматамасыз ету бойынша. Бір жағынан таза суды қолжетімді қылу. Екінші жағынан, жауын суын шаруашылыққа пайдалану.Басты айналмалы суды босқа кетірмей тиімді пайдалану.   Нидерланд Корольдігінің Ұлттық күні қарсаңында Голландиядан арнайы қонақтар келді. Түрлі-түсті киім киген аниматорлар қонақтардың көңілін көтерді. Әсіресе, кішкентайлар мәз-мейрам. Ойын жеңімпаздарына қызғалдақтар елінен әкелінген гүлдер сыйға берілді. БЛИЦ:  Голландия павильонынан шықтық. Жақсы павильон екен. Энергия алудан біз алдамыз деп отыр. Әсіресе, теплица жасау жағынан мықтымыз деп отыр.  Жаңа технологияларды көрдім. жапнонияның павильонына кіргенде өте таң қалдым. Жел арқылы, су арқылы адам баласына қуат алуға болады екен. Біз соның бәрін жүзеге асырсақ, халыққа көп пайда келеді деп ойлаймын болашақта. Онда нанотехнология жақсы көрсетілген. Жақсы әсерде қалдым.   Нидерланд ел экономикасына ең көп инвестиция салған мемлекеттердің көшін бастап тұр. Қазіргі таңда екі ел арасында бірлескен 900 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

Қосымша ақпарат:

Нидерланд экономика министрі Хенк Камптың Қазақстанға сапары
Қазақстандағы сапары аясында Хэнк Камп Қазақстанның бизнес өкілдерімен және мемлекеттік қайраткерлерімен бірқатар кездесулерді өткізді. Атап айтқанда, 21 маусым күні Камп мырзаның Қазақстан премьер-министрі Б. Сағынтаевпен кездесуі өтті. Тараптар екі ел арасындағы ары қарайғы экономикалық ынтымақтастықты жалғастыру мүмкіндіктерін талқылады. Қазіргі таңда Нидерланд Қазақстан экономикасына инвестиция құйып отырған басты ел екені белгілі. ҚР инвестициялар және даму жөніндегі вице-министрі Ерлан Хайыровтың айтуынша, қазіргі таңда 900-ге тарта бірлескен кәсіпорын қызмет жүргізуде. Сондай-ақ, Нидерланд экономика министрі Қазақстан мен Голландия іскерлік кеңесінің Астанадағы мәжілісіне қатысты. “2014 жылы жасаған соңғы сапарымнан бері Қазақстан мен Голландия кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстар екі есе артты. Нидерланд Прездент Н. Назарбаевтың жариялаған жаңа жаңғырту толқыны аясында Қазақстандағы серіктестерімен ынтымақтасуға дайын. Біз логистика, су қорларын басқару, аграрлық сектор сынды тағы да басқа салалардағы жобаларымыз шеңберінде тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз”, – деп атап өтті Нидерланд Корольдігінің экономика министрі Хэнк Камп өз сөзінде.
Сондай-ақ, министр «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиевпен кездесу өткізді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және Голландия ғарыш агенттігі арасында ынтымақтастық туралы xаттамаға 2014 жылы қол қойылған болатын.
Нұрғалиев мырза «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ Голландия тарабымен жерсерік арқылы зондтау саласында ғана емес, сондай-ақ, құқық қорғау жүйесін ізгілендіру саласында жерсеріктік бақылаудан алынған деректерді қолдану аясында ынтымақтастық жүргізуге ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде Камп мырза  ауыл шаруашылығы, энергетика және қалалық инфрақұрылым  жерсеріктік мәліметтерді қолдануға болатын қазіргі таңдағы келешегі мол салаларға жататынын атап өтті. Сондай-ақ, министрдің айтуына қарағанда, Қазақстан мен Нидерландтың жерсеріктік мәліметтерді қолдану саласындағы ынтымақтастығы Қазақстан экономикасын әртараптандыру бағытындағы кезекті бір қадамға айналмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444