АГЕНТТІКТІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Үстіміздегі жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен 2018 жылы атқарылған жұмысы бойынша есеп беру жиыны өтті.

Алқалы жиынға мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімі аппаратының қызметшілері, Әдеп жөніндегі уәкілдері, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, «НұрОтан» патиясының облыстық филиалының өкілі, «Атамекен» ҰКП облыстық филиалының басшылығы, Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының басшысы мен қызметкерлері, қоғам белсенділері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері, Мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары, сондай-ақ, бейне-байланыс конференциясы арқылы аудан, қала әкімдері, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиын модераторы Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев сөзін алқа отырысына қатысып отырғандарға шақыртуды қабыл алып, алқаның күн тәртібін талқылауға келгендері үшін алғыс айтумен бастады.

Ғ.Тұрсынбаев сөзін әрі қарай мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстардың өткен жылғы қорытындысы мен алға қойылған міндеттер, қоғаммен кері байланыс орнатудағы қызметтер, сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекеттік аппарат құру туралы жалғастырды.

Мәжілістің негізгі мақсаты — шағын және тиімді мемлекеттік аппарат құру, көрсетілетін қызметтің жоғары сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді және кешенді іс-қимыл мәселелерін жан-жақты талқылау.

Іс — шараның алғы сөзін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков ашып беріп, алқа мәжілісінің өзгеше форматы жаңаша серпін бергенін, ерекше әсерде отырғанын және жиыннан ашықтық пен жариялылықтың көрінісіне куә болғанын жеткізді.

Жиында кезегімен сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Қамбатыров елімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың зардаптарын жоюды айқындайтын барлық тетіктер айқындалып, ауқымды бағдарламалар қабылданып, кең көлемдегі шаралар орындалуда. Осы мәселеде облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті.

Шара әрі қарай мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау, сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағыттары бойынша түрлі тақырыптық бағытта өрбіді.

Мәжілісте кезегімен түрлі тақырыптық бағытта баяндама жасағандардың арасында Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев, Түркістан облысы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметінің басшысы А.Сақбаев, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ж.Момынқұлов, Түркістан облыстық жоғары аграрлық колледжінің директоры Г.Бекбергенова, Облыстық Арнайы мониторингтік топ мүшесі Б.Анарбаева, «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісінің орынбасары А.Талғатұлы және Статистика және арнайы есепке алу комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының аға прокуроры З.Төленова болды.

Алқалы жиында қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері мемлекеттік қызметте орын алып жатқан соңғы өзгерістерге байланысты өз сұрақтарын қойды және өз ойларымен бөлісті.

Қорытынды отырыстың соңында модератор Ғ.Сұлтанұлы Агенттікпен бастау алған жобаларға, соның ішінде, апта сайын өтіп жатқан «ұсыныс фабрикасы», пилотты тәртіпте енгізілген «ресми іскерлік киіммсіз жұма» атты іске қосылған тәжірибемен бөлісті.

Ғ.Сұлтанұлы сөзінің соңында мемлекеттің беделі — мемлекеттік қызметшінің беделі, осы үлкен жауапкершілікті әрбір мемелекеттік қызметші сезіне білуі керек екенін айтты.

Сондай-ақ, ерекше форматта өткен жиында пікір алмасып белсенділік танытқан азаматтық қоғам өкілдеріне алғыс білдіріп  алқа отырысын жабық деп жариялады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444