ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
2019 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаменттерінің бастамашылығымен өткізілген кеңейтілген мәжіліс өткізілді.
Мәжілісіте сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Н. Қамбатыров ағымдағы жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтаудағы атқарылатын жұмыстары жөнінде бөлісті.
Өз сөзінде, Ұлттық бюроның департаменті өңірдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің конституциялық құқықтарын және бостандықтарын қорғау жолында біршама жұмыстар атқарғанына тоқталып.
Республиканың әр өңірінің ерекшелігіне сәйкес, Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласы дамыған, осы салада шағын және орта кәсіпкерлерге бөлінген, сонымен қатар Түркістан қаласының облыс орталығы мәртөбесіне иеленуіне байланысты қаланың көркейуіне және дамуына бөлінген көптеген инвестицияларды мақсатты жұмсалуына назар аударатынын айтып өтті.
Бұдан басқа, аталған салада лауазымды қызметкерлермен жасалатын жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға бағытталатын болатынын айтты.
Ұлттық бюроның департаменті тек қылмыстық әрекеттерді әшкерелеу ғана емес, заң аясында қылмыстың алдын алу және болдырмау сияқты превентивтік іс шаралар жүргізіліп жатқанын.
Соның салдарынан өңірдегі жалпы сыбайлас жемқорлық деңгейінің 38% төмендегенін айтты.
Сондай-ақ, Елбасымен 2019 жыл «Жастар жылы» болып белгіленіп, бұл бағыттың да қарқынды жұмыс атқаруына қолдау көрсететінін атады.