Ердің атын еңбек шығарады

Жамбыл облысында он жылда өз ауылының әлеуметтік жағдайын көтеруге 5- млрд. теңге қаражат салған еңбек адамы тұрады. Ол Тұрар Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылындағы «Шәушен» шаруа қожалығының жетекшісі Сайрамбай Дөненбаев. 1996 жылдан бастап, қой және жылқы малын өсірумен айналысатын ұжым биыл қойды 60-отардан, жылқы санын 2200 бастан асырды. Негізгі мақсат, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, ет және сүт бағытындағы жұмыстарды жандандыру. Еңбек адамы Сайрамбай Дөненбаев 1996-жылы өз туыстарымен бірлесіп, Тұрар Рысқұлов ауданының Жарлысу ауылында «Шәушен» шаруақожалығын құрды. Ол мал шаруашылығын дамыту туралы алдына мақсат қойып, ұзақ жылдар тынымсыз жұмыс істеді. Алайда, адал еңбек пен төккен тер зая кетпейтіндігі анық. Ол бүгінде өзіне де, өзгеге де пайда келтіріп жүрген жан. Себебі, аудан экономикасын көтеруге жыл сайын қыруар қаржы салық төлейді. Жарлысу ауылының басым көпшілігін жұмыспен қамтып отыр. Мәселен: елді мекенде қазір 200-ден астам үй болса, әр үйде кемінде бір-екі адамнан осы шаруашылықта еңбек етеді. Жеке кәсіпкер Сайрамбай Дөнентаев бүгінде өз ауылының құрметті азаматы. Ол тұратын Жарлысу ауылының тұрғындары соңғы жылдары мемлекет есебінен салынған қандай да бір мекемені біле бермейді. Себебі, Сайрамбай Дөненбаев соңғы 10-жылда өз ауылын көтеруге 5-млрд. теңге қаражат салыпты. Ол ақшаға 500-орындық мешіт, балалар интернаты, қымызбен емдеу орталығы, асхана, медресе, саябақ пен жаңа балабақша салып берген. Әрине, еңбек адамы осы істің барлығы ел игілігі үшін дейді. Келер жылға тағы да жоспарлар бар. «Шәушен» шаруа қожалығы 2000-жылдардың басында ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы статусын алған. Бүгінде қой етін Меркі ет комбинатына өткерсе, Астана қаласы маңынан үлкен мал бордақылау кешенін салып жылқы етін сонда тасымалдайды.

Сонымен қатар, Тараз қаласын қымызбен де қамтамасыз етіп отыр. Шаруашылық өз ауылынан малшылар үшін екі отбасылы он үй салған. Осы уақытқа дейін Сайрамбай Дөненбаевтың қолынан малшылар 37 тұрғын үй кілттерін алыпты. Әрине, бүтіндей бір ауыл емес, бүкіл аудан, облыс, тіпті, республикаға танымал болып отырған «Шәушен» шаруа қожалығының бүгінгі жұмысы шын мәнісінде көпке үлгі деп айтуға болады. Мал басы санын арттыру арқылы елдің әлеуметтік жағдайын да жақсартуға көңіл бөліп отырған ұжымның алда алар асуы да көп деп білеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444