Ұстаздар арасында «Ұлт көшбасшысы — тәуелсіздік кепілі» атты конференция ұйымдастырылды

Жамбыл облысының ұстаздарын басын қосқан «Ұлт көшбасшысы — тәуелсіздік кепілі» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды. Онда өңірдің он ауданы мен Тараз қаласынан екі жүзден астам мұғалімдері бас қосты. Пікір алмасты, біліктіліктерін шыңдады. Бүгінгі іс-шараның да көздегені осы.

Жаңа үлгіде өткен жылы шырайлы кездесу алдымен Елбасының кеше ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын таныстырудан басталды.  Онан соң «Мұғалім мәртебесі», «Елбасы жолдауы – сөзден іске жетелейді», «Білімді жастар – болашақ тұтқасы» тақырыптарында бірқатар жоғары оқу орындарының ұстаздарының баяндамаларды тыңдалды. Сондай-ақ, білім беру жүйесіндегі тың өзгерістер және егеменді ел ұрпағын тәрбиелеу мәселелері жан-жақты сараланып, таныстырылды.

Келесі кезекте ұстаздар әр бөлімге бөлініп тәрбие саласына жауапты мамандардың ғылыми жұмыстарымен танысты. Ұлағатты ұстаздарымыз жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берумен қатар, өз шығармашылықтарын да үнемі шыңдап отырады. Кездесу басында тәжірибелі ұстаздардың өздері құрастырған оқулықтар жөнінде де кеңінен әңгіме қозғалды.

Келер жылы Елбасының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі» заңы қабылданбақшы. Бұл ретте ұстаздарға жауапкершіліктін ең ауыры жүктеліп отырғаны ескеріліп, мұғалімнің мәртебесін арттыру үшін барлық жағдай жасау міндеттелген.   Дәл осындай кезде ұстаз мәртебесі туралы заң қабылдау ең маңызды мәселе. Педагог мәртебесі туралы заңда ең негізгі мәселелер – ұстаздың міндеті, ұстаздың құқы, ұстаздың статусы, мектеп дирек­тор­лары мен олардың орынбасарларының міндеті, білім бөлімі әдіскерлері мен бас­шы­ларының міндеті, әр дәрежелі білім саласындағы мекемелердің жеке құқы мен міндеттері, педагогтың жұмысқа қабыл­дануы, жүктеменің ең аз, ең көп нормасы, жұмыстан шығарылу ережелері, мұғалімдік санаттың жоғарылатып отыру, қайта даярлаудан өтудің нормалары толық ескерілуі керек. «Педагогтар мәртебесі» туралы заңда, бірінші кезекте мұғалім мемлекеттік қызметкерлермен теңестірілуі тиіс. Себебі, бүгіндері білім беру саласы әбден орныққан, білім экс­порттаушы елге айналған Еуропаның бірқатар дамыған елдерінде мұғалім мем­лекеттік қызметкер саналады. Ол елдерде педагогтар арнайы құқықтық мәртебеге ие. Конференция соңында «Елбасы – ел тірегі» атты қолөнер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444